Польшада коронавирусқа қарсы алғашқы дәрі-дәрмек ойлап табылды. Препарат қазір клиникалық сынаққа жіберілген.
Дәріні Biomed компаниясы коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан адамдардың қан плазмасын қолдана отырып жасаған. Қазір олар препаратты клиникалық сынақтан өткізу үшін төрт орталыққа жіберді: Люблин, Бытом, Белосток және Варшаваға.
Препарат өндірісі 18 тамызда басталғаны атап өтілді.
«COVID-19-ды жазылып шыққан адамның қан плазмасымен емдеу әдісін ДДҰ және Польша Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдады», — деді препараттың тұсаукесеріне қатысқан Польша парламентінің сенаторы, дәрігер Гжегож Челей.
Бұған дейін Қытайда коронавирусқа қарсы 11 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатқаны хабарланған болатын.