Қазақстан Қырғызстанға медициналық көмек жібереді

9

Қазақстан Қырғызстанға коронавируспен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 миллион медициналық маска жеткізіледі», делінген хабарламада.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданғаны айтылады.

egemen.kz