Қырғызстанда наразылық білдірушілер Бішкекке жаңа мэр сайлайтындарын айтты

65

Қырғызстанда наразылық білдіуші жұрт Бішкекке жаңа мэр ретінде Жоошбек Коеналиевті сайлайтындарын мәлімдеді. Ол жеңіліс тапқан «Республика» партиясының атынан парламент депутатына кандидат болған.

«Наразылық білдірушілер ғимаратты басып алды. Олар бізге Жоошбек Коеналиевті жаңа мэр ретінде сайлайтындарын мәлімдеді», — дейді мэрия қызметкері. Оның сөзіне сенсек, қала басшысы Азиз Суракматов қазірде муниципалитет ғимаратында жоқ. Коеналиев жеңіліс тапқан «Республика» партиясының атынан парламент депутатына кандидат болған. Ол 2014-2018 жылдары Қырғызстан мелмекеттік тіркеу қызметінің жүргізуші құрам мен транспорттық құралдар департаментін басшылық еткен. Агенттікке мұндай ақпаратты муниципалитет өкілі мәлімдегеніне қарамастан, елдің ресми дереккөздері әзірге бұл жайтқа қатысты үнсіз отыр. Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда бірден үш облыстың басшысы қызметінен бас тартқанын жазған едік. Парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған Қырғызстан халқы Ақ үйге басып кірген болатын. Қырғызстанда Ақ үйдің күл талқаны шыққанына күйінген белсенділер жанайқайын айтқан еді.

Сол арада Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков жекелеген саяси күштердің мемлекеттік билікті заңсыз жолмен басып алуға тырысқанын мәлімдеп, халыққа үндеу жасады.

nur.kz