Қырғызстанның экс-президенті тергеу үшін Бішкекке ұшып келді

0 11

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке ұшып келді.

Бұл туралы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«МҰҚК қабылдаған шаралар нәтижесінде 2 тамызда бұрынғы президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді. Көп ұзамай ол ведомствоаралық тергеу тобына берілді», – делінген хабарламада.

Ақаев МҰҚК ғимаратында, бұл жерде оның қатысуымен Құмтор кен орны бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін ел билігі Ақаевты 1992 жылы «Құмтор» жобасы бойынша бас келісімді бекіту кезінде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптады.

Қырғызстанның экс-президентіне ресми түрде іздеу жарияланды.

2005 жылдың наурызында болған төңкерістен кейін Ақаев Мәскеуге кетіп, сонда жұмыс істеді. Бұрынғы президент содан бері өз елінде болмаған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.