«Вашингтон АҚШ компаниясы жасаған «F-15EX» деп аталатын жаңа реактивті ұшақты Үндістанға берді» деп хабарлайды Eurasian Times.
«F-15EX» жойғыш ұшағы «F-15 Eagle»-дің жаңартылған нұсқасы. Ол екі қозғалтқышты ұшақ әрі 50 жылға жарамды.
Жаңа ұшақ «F-15» үлгісінің ең жетілдірілген нұсқасы деп сипатталды.
– Жаңа буын технологияларының көмегімен «F-15EX» жойғыш ұшағының қосымша мүмкіндіктері бар…»F-15EX» миссиясының маневрін, үдеуін, беріктігін, есептеу қуатын және қару-жарақ тасымалын арттырды… Бұл «F-15EX»-ке жаңа технологияны қолдануға мүмкіндік береді, өйткені ол реактивті ұшақты одан әрі жетілдіруге арналған, – деп хабарлады Boeing компаниясы.
Ұшақ Үндістанға ұсынылды. Қазірдің өзінде АҚШ әскери-әуе күштері Boeing компаниясымен сегіз жойғыш ұшақ үшін келісімшарт жасауда.
Келісім-шарттың құны шамамен 1,2 миллиард долларды құрады делінген. Алайда бұл көрсеткіш күрт өсіруі мүмкін. «АҚШ әскери әуе күштері жаңартылған 144 реактивті ұшаққа тапсырыс бере алатынын мәлімдеді» деп жазады Eurasian Times.