Қытай жағалауында тайфун салдарынан кеме аударылды

91

Қытай жағалауында тайфун салдарынан кеме аударылып, екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті. «10 экипаж мүшесі бар құм тасымалдаушы сейсенбі күні сағат 20:00 шамасында Цюнчжоу бұғазында аударылып қалды. Ол Қытайдың Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласына бет алған», — делінген хабарламада. Құтқарушылар экипаждың алты мүшесін тапты. Кейін олардың екеуінің көз жұмғаны расталды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

24.kz