Қытайда бай-манапқа дәулетті өмір сүруге тыйым салды

0 44

Қытай соты HNA Group төрағасы әрі миллиардер Чень Фэннің сән-салтанатқа ақша жұмсауына тыйым салды.

Сот өкімі бойынша аталған тыйымдар компанияның қарыздарына қатысты болып отыр. Компания төрағасы енді күнделікті өмірге және жұмысқа қажетті заттарын сатып ала алмайды. Бай-манапқа ұшақпен ұшуға да шектеу қойылып, тек пойызбен ғана қатынай алады.

Бұдан бөлек, сот ұйғарымымен дөкейге жылжымайтын мүлік сатып алуға, қымбат жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сәнді қонақ үйлерге кіруге және клубтар мен қымбат кеңселерді жалға алуға тыйым салынды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.