Сауд Арабиясында хирург операция үстінде қайтыс болды

32

Ортопед-хирург Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды.

БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған, бірақ бұған қарамастан ол жоспарланған операцияны өткізуді талап еткен.

Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексерулерге сәйкес, әл-Эмаридің өліміне инфаркт себеп болғанын айтты.

«Махди әл-Эмари дәрігер өмірінің соңғы сәтіне дейін жасай алатын құрбандықтың үлгісін көрсетті. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды», — деді доктор Әл Шехри.

Хирургті әріптестері ауыстырып, операцияны аяқтаған. Желі қолданушылары осы оқиғадан кейін дәрігерге құрмет білдіріп жатыр.

tengrinews