Шыбын өлтірмек болған тұрғын үйін жарып жіберді

0 27

Францияда 80 жастағы қария электр шыбынұрғышпен шыбын өлтірмек болып, үйінің бір бөлігін жарып жіберген.

Ер азамат түстеніп отырған уақытта шыюынның ызыңын есітеді. Алдымен жәндіктен ққұтылуға ниеттенген ол бөлме ішін айнала шыбынды қуа жөнелген. Қолында электр құрылғыны қосқанда, үйінде жарылыс орын алыпты.

Кейін анық болғандай, қарияның асүйіндегі газ баллонынан газ атқылап тұрған. Электрлі  құрылғымен жанасқан газ алапат жарылысқа ұласқан екен.

Жарылыс нәтижесінде ер азаматтың қолын ғана күйік шалған. Абырой болғанда, қария қатерден оңай құтылыпты.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.