Ұлыбританияда Рождество мерекесі тойланбайды

19

Ұлыбритания билігі Рождество мерекесі кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуге арналған жоспарынан толықтай бас тартты. Оған себеп, мемлекет ішінде коронавирустың жаңа штамының таралуы. Лондон, Уэльс, Шотландия және Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында 20 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап, 30 желтоқсанға дейін ең жоғары — төртінші деңгейдегі карантин енгізілді.

Елде барлық дүкендер (бірінші кезектегі тауарларды сатанын дүкендерді қоспағанда), сұлулық салондары мен спорт клубтары жабылуда.

Елдің премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, VUI-202012/01 деп аталған COVID-19 жаңа мутациясы таралу қарқынына жоғары болғандықтан адамдарға аса қауіпті болып келеді. Бүгінгі күні Лондондағы COVID-19 жұқтырғандардың 60% астамында осы ерекше штамм анықталған. Сонымен қатар, алдын-ала мәліметтер бойынша, аталған мутация алдыңғы штаммға қарағанда жұқпалылығы 70% жоғары болуы мүмкін.

 

egemen.kz