Жапония өмір сүру ұзақтығы бойынша тағы да рекорд жаңартты

0 64

Жапонияда алғаш рет 100 жасқа толған 80 мыңнан аса адам тіркелді

Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, жүзжылдықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 9 176 адамға артып, 80 450-ге жетті. Бұл ретте жалпы санның 88,2 пайызы – әйелдер.

Дереккөз мәліметінше, 2019 жылы Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы әйелдерде 87,45 жыл, ал ер адамдарда 81,41 жыл болған, бұл рекордтық көрсеткіш деп жазады басылым.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.