Жапония үкіметі отставкаға кетті

0 54

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің үкіметі толық құрамда отставкаға кетті.

Негізгі лауазымдардың көпшілігі Синдзо Абэ үкіметінің құрамына кіретін министрлерде қалуы мүмкін, дегенмен кейбір өзгерістер болуы ықтимал.

Либерал-демократиялық партияның жаңа жетекшісі Есихидэ Суга сәрсенбіде Жапонияның премьер-министрі қызметіне кіріседі.

Парламент Суганы ресми түрде күннің екінші жартысында өтетін кезектен тыс сессияда премьер-министр етіп сайлауы мүмкін. Осыдан кейін ол жаңа министрлер кабинетін құрады.

Синдзо Абэ 28 тамызда күтпеген жерден созылмалы ауруының өршуіне байланысты қызметінен кететінін айтты.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.