Желтоқсанда сирек кездесетін астрономиялық құбылыс болады

62

Райс университетінің ғалымдары 21 желтоқсанда күн батқаннан кейін Юпитер мен Сатурн планеталары бір-біріне өте тығыз арақашықтықта жақындайды деп болжап отыр.

Мұндай құбылыс орта ғасырлардан бері болмаған. Райс университетінің астрономы екі планетаның бір-біріне жақындауы өте сирек, шамамен 20 жылда бір рет болатынын айтып өтті. Ауа-райы қолайлы болса, бұл құбылысты Жердің кез келген аймағынан байқауға болады.

Дегенмен ғалым құбылыстың экватор маңында жақсы көрінетінін айтты.

baq.kz