Жерорта теңізінде қайық аударылып, 130-ға жуық мигрант опат болды

0

Заңсыз мигранттарды алып келе жатқан қайық Ливия жағалауында аударылып, 130-ға жуық адам қаза тапты.

Оған тиесілі Ocean Viking кемесі осы аймақта апатқа ұшыраған үш қайық туралы ақпарат алғаннан кейін Ливия жағалауына халықаралық суларға жіберілгені айтылады.

«Біз бүгін оқиға орнына келгеннен бері бірде-бір тірі адамды таппадық, дегенмен апат болған жерде ондаған адамның мәйітін көрдік» – делінген ұйымның хабарламасында.

Құтқару операциясы ауа райының қолайсыздығы салдарынан қиындап кетті. Іздеу аймағындағы толқындар 6 м-ге жетті. Көп ұзамай ЕО шекара бақылау агенттігінің «Фронтекс» ұшағы оқиға орнына жақын жерде резеңке қайықтың фрагменттерін тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.