Жерорта теңізінен табылған байлық

21

Түрік геологтары қазба бай­лықтарды барлау жұмыстары кезінде Жерорта теңізінде жалпы құны 6,6 млрд доллар болатын 100 тонна алтын кен орнын тапты.

«Алтын Гюбреташ учаскесінен табылды. Зерттеулер көрсеткендей, Түркия аумағындағы жерасты алтын әлеуеті 6,5 мың тоннаны құрайды. Ал қазіргі уақытта осы қорлардан 1,5 мың тонна өндіруге болады. Сонымен қатар тек қолжетімді қорлардың құны 405 миллиард долларға бағаланады. Түркия энергетика және тау-кен саласындағы ұлттық саясатының жемісін жинай бастады», деп жазады басылым.

Қазіргі уақытта Түркияда 18 алтын өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді. 2001 жылға дейін елде алтын өндірілмеген. Алғаш рет өндіру 2001 жылы Измирдегі Оваджик алтын кенішінде басталды. 19 жыл ішінде мұнда 340 тонна бағалы металл өндірілді.

Бүгінгі таңда Түркияда 15 орта, 18 шағын кен орны және әлемдік деңгейдегі екі кен орны ашылған. Олардың бірі – Эрзинджанда, екіншісі – Ушакта.

egemen.kz