Әлемдегі коронавирус: Үндістандағы жағдай, АҚШ-та вакцина алғандар маска тақпайды, Pfizer ковидтен дәрі жасамақ

0 1

Үндістандағы жағдай нашарлауда, крематорий ретінде қалалық тұрақтар бөлінуде, АҚШ-та толығымен вакцина алғандар үшін маска тақпауға рұқсат етілді. Pfizer вакцина өндірушісі жылдың соңына дейін ковидтен дәрі жасауға уәде берді. Кейбір еуропалық елдер жазғы мезгілді құтқарып қалу үшін шетелдіктерге ережелерді жеңілдетті.

Джонс Хопкинс Университетінің деректеріне сәйкес, коронавирус жұқтырғандар саны 149 млн-ға жақындап, 3 млн адам қайтыс болған.

Әлемнің назары Үндістанда. Онда Covid-19-дан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асып отыр. Соңғы тәулікте елде тағы 3 293 адам қайтыс болып, 360 мың жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелген.

Үндістанда әлемдегі халықты вакциналау бойынша ең үлкен масштабты кампания ашылған. Ел билігі шілдеге дейін 250 млн адамды вакциналауды көздеп отыр. Әзірге вакцинаның екі дозасын халықтың тек 1,6%-ы алған. Ең ірі дәрі-дәрмек өндірушісі екеніне қарамастан, Үндістан дәрі-дәрмек жетіспеушілігі туралы хабарлайды.

АҚШ маска тағуды міндеттейтін ережені алып тастамақ>

АҚШ вакцина алғандар үшін көшеде маска тағуды міндеттейтін ережені алып тастамақ. Президент Джо Байденның айтуынша, бұл – елдің вируспен күрес кезінде жетістікке жеткенінінің белгісі.

Е>уропалық Одақ: жасыл паспорттар мен вакциналық дипломатия>

Бүгін Еуропарламент екпе алғандар мен ауырып шыққандарға блок ішінде жүріп-тұруды жеңілдететін сандық жасыл сертификат бойынша өз позициясын нақтылайды. Әрі қарай ЕО елдерімен келіссөз жүргізіліп, мамырдың аяғына дейін келісімге келу көзделіп отыр. Өзіндік вакциналық паспорттар Франция мен Данияда қолданысқа енген, дегенмен олар ЕО-ның басқа елдеріне сапар жасауға артықшылық бермейді.

Ковидтен дәрі>

Америкалық-неміс фармацевтикалық компаниясы Pfizer-BioN-Tech өнідірісті жалғастыруда, ағымдағы жылдың аяғына дейін Covid-19-дан дәрі өндірмек.

Концерннің бас директоры Альберт Бурланың айтуынша, препарат аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде қабылдауға арналады.

Еуропада тағы не болып жатыр?>

Испания билігі сандық сертификаттар жүйесін енгізіп, маусымнан бастап елді шетелдіктерге ашуды жоспарлап отыр. Осындай жоспарды Хорватия мен Португалия да қарастыруда.

Греция дүйсенбіден бастап жеті елден келгендер үшін міндетті карантинді алып тастады.

Брюссельде жақын күндері Британия мен ЕО елдерімен шекараны ашу және жазғы демалыс кезінде жүріп-тұру шарттары туралы келіссөз жүргізілмек.

Британия еуропалық елдер арасында халықты вакциналау қарқыны бойынша көш бастап тұр. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 33,8 млн ересек британдық кем дегенде алғашқы дозаны алып, әрбір төртінші адам толық вакциналанған.

Кипр 10 мамырдан бастап 65 елдің вакциналаудың толық курсын алған азаматтарына елге еркін кіруге рұқсат етеді. Ол үшін вакцинаның екі дозасын алғаны туралы растау қағазын көрсетсе болғаны.

Leave A Reply

Your email address will not be published.