Жаңалықтар

Алимент төлеудің орнына құмар ойын ойнаған әкелер анықталды

Алматы облысының прокуратурасы алимент бойынша 157 борышкерді анықтады, олар құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған

Прокуратура мәліметінше, борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына қатысты қалауының болмауы немесе немқұрайлылық салдарынан букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған.

Облыс прокуратурасы бүгінде құмар ойынға салынған 31 адам 38 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтегенін айтты.

Сонымен қатар облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) көзделген жауапкершілік туралы ескертеді.