Жаңалықтар

Алматы әкімдігі: Жириновскийге ескерткіш қою туралы ұсыныстар түскен жоқ

The final spritzer

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Алматы әкімдігі ресейлік басылымдарда тараған қалада Ресей саясаткері Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Мәдениет басқармасына Владимир Жириновскийге ескерткіш қою туралы ешқандай өтініш түскен жоқ. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия бұл мәселені қарастырмаған", – деп хабарлады әкімдік.

11 наурызда "ТАСС" ақпарат агенттігі редакцияның қолындағы бір құжатқа сілтеме жасап, Алматыда Жириновскийдің 80 жылдығына арналған іс-шара өтетінін және оған ескерткіш қойылатынын хабарлаған еді.