Жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 291 шақырым жерде орналасқан

Жерасты дүмпулері 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркелді. Бұл туралы «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми оталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мамандары мәлім етті,-деп жазады jambylinfo.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1, - делінген хабарламада.