Жаңалықтар

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

The final spritzer

Алаяқ Алматы облысында ұсталды

Алматы облысында полицейлер 2023 жылы қайтыс болған баласын емдеуге қаражат сұрап, алаяқтық жасаған әйелді ұстады, - деп хабарлайды  Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 31 жастағы Қонаев қаласының тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, заңсыз ақша жинаған. Сонымен қатар оның тағы бір алаяқтық ісіне қатысы бары анықталды: ол науқас баланы емдеуге қаражат қажет деген желеумен азаматтарды алдап келген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.