Алматы облысында екі балықшы суға кетті

0 9

28 наурыз күні сағат 17:30-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Деревянное көлінде қайғылы оқиға орын алғаны туралы хабарлама түсті. 1973 және 1969 жылы туған екі балықшы үрлемелі резеңке қайықпен балық аулау кезінде қайық кенеттен аударылып, ер адамдар суға батып кеткен. Куәгерлер бір ер адамның денесін судан бірден шығарып алған», — делінген таратылған хабарламада. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы оқиға орнына шыққан. «Іздестіру-құтқару шараларын жүргізу барысында сағат түнгі 00.00-де құтқарушы-сүңгуірлер екінші ер адамның денесін тауып, удан шығарды. Құтқарушылар қайықпен балық аулау кезінде сақ болуды, құтқару кеудешесін міндетті түрде кию қажеттігін ескертеді. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет», — деді РЖҚЖ баспасөз қызметінен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.