Алматы облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Алматы облысында көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Алматы облысының полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға Талғар қаласында болды. Тәртіп сақшылары көпірде тұрған 16 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын байқайды. «Патрульдік қызметтің аға лейтенанттары Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жедел әрекет етуі арқасында ерекшеленді. Олар қайғылы оқиғаның алдын алып, мектеп оқушысын көпірден түсіріп алды. Осылайша суицидті болдырмады», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы тыныштандырып, бірден үйіне апарып, ата-анасына тапсырды. Белгілі болғандай, қыздың анасы 8 жыл бұрын өмірден өткен. Әкесімен және ағасымен бірге тұрады. Сол күні қыз ағасымен жанжалдасып, өмірімен қош айтыспақ болған.