Алматы облысында жол апатынан үндістандық екі студент көз жұмды
Алматы маңында болған жол-көлік апатынан Үндістанның бес азаматы зардап шекті.
Олардың ішінде Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина университетінің төрт студенті және Үндістаннан келген бір турист болған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Alphard» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, көлікте болған екі үндістандық студент те көз жұмды.