Алматы тұрғындары 1 704 метрлік лағман созып, рекорд орнатты

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматының Жетісу ауданында бірегей шара өтті.
Ел тарихында ең ұзын лағман "Айнабұлақ" шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әзірленді, -.деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әкімдіктің мәліметінше, 1 704 метрлік лағман Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.
Лағманның қамыры 19 келі ұннан иленген. Шараға 50-ден астам адам қатысқан. Тағам аспаздар мен облыс тұрғындарының күшімен екі сағатта дайындалған.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі этнос өкілдері ортақ дастарқанда ауызбіршілік танытып, иық тіресе еңбек етті.