Алматы әуежайы мен Fly Arystan-ға қатысты тергеу жүріп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, екі бөлек тергеу басталған.
Fly Arystan әуе компаниясы билет бағасын негізсіз көтерді деген күдікке ілінді. Монополияға қарсы орган ұсынған мониторинг нәтижелері бойынша заң бұзушылық белгілері анықталған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ал Алматы әуежай әкімшілігі қызмет көрсетуші компанияларды әділетсіз таңдады деген шағымдар түскен. Агенттік әуежайға бұған дейін ескерту жасағанымен, ол орындалмаған.
Болат Сәмбетовтің айтуынша, агенттікке тұтынушылардан FlyArystan әуе компаниясының қызмет сапасына қатысты көптеген шағымдар келіп түскен. Тиісінше ведомство тексеру жұмыстарын жүргізген. Бүгінде тергеу жұмыстары басталды. Егер бағаларды қасақана көтерілгені анықталса, әуе компания билет айналымынан түскен қаражаттың 5%-ын айыппұл ретінде төлеуі тиіс болады. Бұдан өзге негізсіз қосылған сома мемлекет есебіне тәркіленеді.