Алматы әуежайындағы кепілге алу оқиғасы: Сотталушы өз кінәсін мойындады

Бүгін Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамның ісі бойынша сот отырысы басталды
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, сөмкесінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған 67 жастағы ер адамға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматы қаласының тұрғыны кепілге алу, қарумен бұзақылық жасау және терроризм туралы жалған ақпарат тарату айыптарымен сотталып отыр. Ол тергеу барысында өз кінәсін толық мойындап, іс қысқартылған тәртіппен қаралуда.