Алматыда 104 отбасы бала асырап алды
Алматыда 104 отбасы бала асырап алды
Алматыда бала асырап алу агенттігінің көмегімен 128 бала 104 отбасына орналастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Бала асырап алу агенттігінің көмегімен 128 бала 104 отбасына орналастырылды. 1519 адам алды, 361 алматылық бала асырап алушы ата-ана мектебінен өтті», - дейді Ажаркүл Қылышбаева. Спикердің сөзінше, Неке және отбасы туралы кодекске енгізілген нормаға сәйкес, сотта бала асырап алу рәсіміне дейін азаматтар міндетті түрде психологиялық дайындықтан өтуі тиіс. Бұл дайындықтан өту туралы сертификат бала асырап алғысы келетіндерге қажетті құжаттар тізіміне енгізілген. «Жауапты қадамға – баланы балалар үйінен алуға шешім қабылдағандардың барлығы міндетті түрде психологиялық даярлықтан өтуі қажет. Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттікте бұл дайындық Асырап алушы ата-аналар мектебінде жүргізіледі», - дейді ол. Мектептің жұмысы туралы психологиялық қызметтің үйлестірушісі Дарья Ушаева айтып берді. «Үміткерлердің шамамен 25% асырап алушы ата-аналар мектебінен өту кезінде тексеруден шығып кетеді. Біз асырап алушы ата-аналар мектебі өз ресурстарын бағалау, әлеуетті асырап алушылар не нәрсеге дайын екенін түсіну, патронат ата-ана болу деген не және асырап алынған баланы тәрбиелеу деген не екенін білу маңызды қадам екенін түсінеміз. Кейбір үміткерлер асырап алушы ата-аналар мектебінен өту кезінде олардың алғашқы идеялары шынайы жағдайдан ерекшеленетінін түсінеді және шешім қабылдайды. Біреу тайм-аут алады, біреу қосымша терапиядан өтеді, ал біреу мүлдем бас тартады. Адамдарда терең ішкі жан дүниелік жұмыстар өтеді», - дейді Д. Ушаева.