Алматыда 7 мыңнан астам адам баспаналы болады
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Биыл Алматыда 7 284 тұрғын баспанаға ие болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл қатарға жетім балалар, көпбалалы отбасылар және бюджет саласының қызметкерлері кіреді. Белгіленген 20% квота аясында тұрғын үй ең осал санаттағы азаматтарға беріледі.
Әкімдіктің мәліметінше, коммуналдық тұрғын үй қорының пәтерлері заңға сәйкес кезек тәртібімен үлестіріледі.
«Биылғы жоспарға сәйкес, 7 284 адам баспаналы болады. Олардың ішінде жетім балалар да бар. Заңға сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорының пәтерлері кезек тәртібімен бөлінеді», - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы 5 594 адамға баспана берілген.