Жаңалықтар

Алматыда қарағандылық ұры көліктен 20 млн теңге ұрлаған

Алматыда қарағандылық ұры көліктен 20 млн теңге ұрлаған

51 жастағы ұры дабылды сканерлеу арқылы бөтеннің көлігіне кірген. Оның бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Бұл қылмыс 28 қазан күні сағат 10:30-да болды. Т. есімді азамат Гоголь мен Төлебаев көшелерінің қиылысында тұрған Mercedes көлігінің салонына заңсыз кіріп, сол жерден жасырын 20 миллион теңге ақша ұрлаған. «Күдікті Қарағанды облысында ұсталды. Ер адам ұрланған ақшаның бір бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Қалғаны тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық ПБ тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Полиция мәліметінше, қазір бұл қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр