Алматыда автобус ішінде әйелге пышақ ала ұмтылған жігіт видеоға түсіп қалды

0 10

Алматыда қолында пышағы бар жігіт автобусқа кіріп, бір әйелге қарай ұмтылған. Оның шабуыл жасаған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Видеодан көрініп тұрғандай, қоғамдық көліктегі бірнеше адам ашулы жігітті тоқтатуға тырысты. Себебі, оның қолында пышақ болды. Пышақ ұстаған жігіт әйелден өзінің ұры екенін дәлелдеуді талап етіп, автобуста шу шығарды. «Біз автобусқа отырдық, кенеттен бір әйел автобусқа жүгіріп кірді. Оның артынан пышақпен ер адам жүгіріп кірді. Әйел жігіттің оның ұялы телефонын ұрлағанын айтып, айғайлайды. Ер адам пышағымен қорқыта бастады. Автобустың іші азан-қазан болды. Автобусқа пышақпен кірген бұл жігітті қоғамнан оқшаулау керек», — деді оқиға куәгері. Полиция бұл келеңсіз жағдай бойынша әлі ешкім арыз бермегенін, бірақ әлеуметтік желіде жарияланған бұл оқиғаға қатысы барлар іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.