Жаңалықтар

Алматыда балмұздақ шығаратын "Шин-Лайн" зауытында аммиактан уланған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда балмұздақ шығаратын "Шин-Лайн" зауытында аммиактан уланған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда балмұздақ шығаратын "Шин-Лайн" зауытында аммиактан уланған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 2 күн бұрын компания цехында мұздату құрылғысынан ақау шығып, 500 грамм аммиак ағып кеткен. Ауаға тараған химиялық қосындының буына уланған 5 қызметкер қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруғанасына жатқызылды. Төтенше жағдайдан кейін компания ішкі тергеуді бастады. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.