Алматыда балмұздақ шығаратын «Шин-Лайн» зауытында аммиактан уланған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр

0 8

Алматыда балмұздақ шығаратын «Шин-Лайн» зауытында аммиактан уланған 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

2 күн бұрын компания цехында мұздату құрылғысынан ақау шығып, 500 грамм аммиак ағып кеткен.

Ауаға тараған химиялық қосындының буына уланған 5 қызметкер қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруғанасына жатқызылды.

Төтенше жағдайдан кейін компания ішкі тергеуді бастады. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.