Жаңалықтар

Алматыда дрондар шоуы өтті

Республика күні: Алматыда 500-ден астам дрон шоу ұйымдастырды.

Алматы қаласында  850 дронның көмегімен Республика күніне орай анимациялық шоу ұйымдастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматыда ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік іс-шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін таңғажайып көрініс ұсынды. Дрон шоу шамамен 20 минутқа созылып, оны 15 мыңға жуық алматылық тамашалады.

Айта кетейік, аспанға бір мезетте 500-ден астам дрон ұшып, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін бағдарлама ұсынды.