Алматыда көпқабатты үйлердің жертөлесін жыландар басып алған
Алматыда көпқабатты үйлердің жертөлесін жыландар басып алған
Алматыда көпқабатты үйлердің жертөлесін жыландар басып алған Алматыда көпқабатты үйлердің кіреберісі мен жертөлесінде, қалың шөп арасында жыландар өріп жүр. Қала тұрғындары үйлердің арасында өріп жүрген жыландардың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр. «Мен ауданда жыланды жиі көремін. Олар көпқабатты үйлердің маңында жүреді. Біз қаланың шетінде тұрамыз. Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдай бастадық», – деді Алматыдағы «Зерделі» шағынауданының тұрғыны Әйгерім Абдан. Бұл ақпаратты Алатау ауданында орналасқан №148 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Рая Шарапиева да растап отыр. Оның айтуынша, балабақша аумағында наурыз айында жыланға қарсы дезинфекция жүргізілген. Келесі кезең шілде айына жоспарланған.