Алматыда карантин күшейді
Алматыда карантин күшейді
Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді. Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады. Наурызды және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады; 2021 жылғы 20-24 наурыз аралығында қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) Алматы қаласына кіруін (қозғалысын) тоқтата тұру; Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары; Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және автовокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу; Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады; Коронавирустық инфекцияның жеңіл және орташа нысандарымен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ үй карантинін сақтау үшін жағдайлар болмаған кезде симптомсыз нысандарды ауруханаға жатқызу міндетті. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.