Алматыда көлік ұрлап, жол апатына ұшыраған жігіт ұсталды

0 4

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат бесте болған. «Патрульдеу кезінде полицейлер күдік тудырған көлікті тоқтатты. Алайда, жүргізуші оны елемей қаша жөнелді. Полицейлер ізіне түсті. Ол жоғары жылдамдықпен келе жатып рульді басқара алмай, Шығыс айналма автожолында келе жатқан көліктермен соқтығысты. Алған соққыдан көліктің қауіпсіздік жастығы іске қосылды, жүргізуші есінен танып қалды, ал оның аяғы газ педальында қалды. Полицейлер көліктің есігін ашып, көлік ұрлаған жас жігіттің өмірін сақтап қалуға тырысты. Бірнеше әркеттен кейін ғана әйнекті сындырып, оталып тұрған көлікті өшірді»,- деп хабарлады полициядан. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін күдікті Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.