Алматыда мектеп оқушысы жоғалып кетті

0 2

Алматыда 14 жастағы қыз жоғалып кетті 

Жасөспірім 16 қыркүйек күні Алатау ауданындағы №91 мектептен кешкі уақытта шығып кеткен.

«Үстінде қара футболка, қара джинсы, аяғында ақ түсті кроссовка, қолында рюкзак болған. Оның шашы қызғылт сары түске боялған, дене бітімі орташа. Бойы — 160-165 см», деп хабарлады еріктілер.

Полицияның мәліметінше, қыздың ата-анасы құзырлы органға түнде шағымданған.

«Қазіргі уақытта іздеу шаралары ұйымдастырылды. Мән-жай анықталып, қыздың жан-жағындағы адамдардан сұрастырып жатырмыз», деп атап өтті Алатау аудандық полиция басқармасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.