Алматыда самокат тепкен қыз қайтыс болды

0 71

Алматыда самокат тепкен қыз ашық тұрған көлік есігіне соғылып қаза тапты. Мұндай оқиға жыл басынан бері бірінші рет болып отыр. Алматы полиция департаменті самокат жүргізушісі қаза тапқан жалғыз жол көлік оқиғасы туралы баяндады. Ведомствода атап өткендей, оқиға 10 маусымда Бостандық ауданында болған. Таңертеңгі сағат 8-дер шамасында Маркова көшесінің жол жиегімен оңтүстікке қарай самокатпен 1995 жылы туған қыз келе жатқан. Кенет оның жолында тұрған Nissan Patrol көлігінің есігі ашылып, ішінде 1982 жылы туған әйел болған. Самокаттағы бойжеткен соқтығысудан қашып үлгермей, құлап кеткен. Бірнеше сағаттан кейін ,ол, алған жарақаттарынан Орталық қалалық ауруханада қайтыс болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.