Жаңалықтар

Алматыда туристерге тауға шықпауға кеңес берілді

The final spritzer

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді

Бүгін Алматы қаласында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қазгидрометтің" дауылды ескертуіне сәйкес, 24 наурызда Алматыда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты қала қонақтары мен туристерге қауіпсіздік шараларын сақтап, тауға шығудан бас тарту ұсынылады.

"Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе күшті жел туралы дауылды ескерту жарияланған кезде, тауға серуендеуді кейінге қалдырған жөн. Ауа райының жақсаруын күткен дұрыс", – деп ескертті ТЖД.

Сондай-ақ, құзырлы орган тұрғындарға үйлеріне кеш қайтпауға кеңес берді.