Алматыдағы балалар үйін көшіру дауы: үш шенеунік қызметінен босатылды
Еске салайық, 21 шілде күні "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаевқа көшіріле бастады. Алайда балалар бұған наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде мекеме ішіндегі кикілжіңнің бейнежазбасы тарады.
Алматыдағы балалар үйінен тәрбиеленушілерді Қонаевқа көшіру кезінде туындаған дауға байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары және екі басқарманың басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz baq.kz сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасының жауабына сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қызметінен босатылды.
Болат Күреңбеков 2024 жылдың тамыз айынан бері әкімнің орынбасары қызметін атқарды.
Салтанат Беспаева 2022 жылдың маусымынан бері білім басқармасын, ал Ерік Әбітов 2024 жылдың сәуірінен бері ішкі саясат басқармасын басқарған.