Алматыда Ыбырай Алтынсарин ескерткіші ашылды

0 18

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай ашылған ескерткіш Алтынсарин көшесінің бойында орналасқан. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Іс-шара барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Ыбырай Алтынсариннің мұрасы тек бір халық пен этнос үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін аса құнды екенін атап өтті. Алматы әкімі білім беру саласының қала мен мемлекетті дамытудағы маңызын атап өтті. Сондықтан Алматыда мұғалімдерді қолдау, жаңа мектептер салу және оқу процесіне инновациялық идеяларды енгізу бойынша барлық шаралар қабылдануда. Қола мен граниттен жасалған алты метрлік ескерткіштің авторы Данияр Сарбасов, Әлімжан Тоқбаев, Дулат Үсенбаев және Қанат Бегулиев

Leave A Reply

Your email address will not be published.