Алматыдағы Жұлдыздар аллеясы кино өнеріне еңбек сіңірген тұлғалардың есімдерімен толықты

0 6

Қазақфильм» киностудиясының аумағында Қазақ киносының көрнекті қайраткерлерінің есімі берілген Жұлдыздар аллеясында он үш мемориалдық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі болды

Оны ұлттық кино өнерінің мэтрлері – Асанәлі Әшімов пен Олжас Сүлейменов ашып, Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Киностудия президенті Ақан Сатаев бұл шараның Алматы кинохроника студиясының 80 жылдығы мен Халықаралық кино күніне орайластырылғанын атап өтті. «Өкінішке орай, қазақ киносының негізін қалаушылардың біразы қазір жанымызда жоқ. Біз олардың есімін құрметтеп, болашақ ұрпаққа дәріптеуіміз керек» , — деген Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов барша киногерлерді бірлікке шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.