Алматыға ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус келді

0 53

Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстанға бейресми сапармен келді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен бірге қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесіп, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне барды.

«Тедрос Гебрейесус ҚазҰМУ мұражайында университет тарихымен танысты. Университет ректоры Марат Шоранов мәртебелі қонаққа Қазақстандағы ең көне медициналық университеттің денсаулық сақтау саласын дамытуға және коронавирус пандемиямен күресуге қосқан үлесі туралы айтып берді, — деп хабарлады медицина университетінің баспасөз қызметі.

ДДҰ бас директоры университеттің құрметті қонақтары кітабына естелік жазба қалдырып, қазақстандық ғылым мен медицинаның жетекші қайраткерлері – ҚазҰМУ профессорларымен кездесті, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуы туралы сұрақтарға жауап берді.

«Бүгінде Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Еліміздің барлық азаматтарына сапалы және қолжетімді медициналық көмек қолжетімді. Бізде 2025 жылға дейінгі «Ұлт денсаулығы» ұлттық жобасы бар. Аталған ұлттық жобаның барлық негізгі бағыттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық және өңірлік деңгейдегі негізгі стратегиялық құжаттарының басымдықтарымен сәйкес келеді», — деді Ажар Ғиният.

ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов ДДСҰ басшысына Қазақстанның жетекші медициналық университетіне келгені үшін алғысын білдірді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры лауазымына екінші мерзімге сайлануыңызбен құттықтаймыз. Пандемияның алғашқы күндерінен бастап ДДСҰ мүше мемлекеттерге қолдау көрсетіп келеді. Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы сізбен онлайн кездесуінде және ДДСҰ ассамблеясында сөйлеген сөзінде пандемия кезінде Қазақстанға көрсеткен көмегіңізді жоғары бағалайтынын айтқан. Ол кезде мен денсаулық сақтау вице-министрі болып жұмыс істедім, сізге және сіздің ұжымға алғысымды қабыл алыңыздар», — деді ҚазҰМУ ректоры.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.