Алматылық дәрігерлер жасы 70-тен асқан қарияның асқазанынан қатерлі ісікті алып тастады

0 32

Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың хирургтары қатерлі ісікке қарсы хирургиялық операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 73 жасар пациент асқазанынан қан кетумен ауыр күйде түскен. Барлық қажетті тексерістен соң, ұйқы безінде өскін туындаумен асқазанның қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Өскін мөлшерлі 6 см болды.

Осыдан соң PhD докторы Жасұлан Баймахановпен пациентке қатерлі ісікті алып тастаумен күрделі операция жасалды. Операция барысында дәрігер асқазанын, ұйқы безінің денесін және қалдықтарын, қоршаған жасушалары және лимфотүйіндерімен көкбауырды алып тастады.

«Қатерлі ісік асқазанның эпителийіне зақым келтіріп, асқазан және көршілес ағзалардың тіндеріне өсе бастаған. Көбінесе, ұйқы безінің тіндеріне әсер еткен. Осыдан соң ұйқы безінің дисталды резекциясын жүргізу арқылы кеңейтілген гастроэктомия жасалып, Цацаниди модификациясындағы Ру ілмегіндегі эзофаго-еюноанастомоз салынды. Бұдан әрі тамақтың қорыту қызметін жасау үшін өңеш пен аш ішекті біріктірдік», — деді Жасұлан Баймаханов.

Хирургтың айтуынша, бұған дейін ауруханада мұндай операция жасалмаған. Операцияға шамамен 4 сағат уақыт кетті. 10 күннен соң пациент амбулаторлық емделу үшін ауруханадан шығарылды. Оған енді химиотерапия курсын өту керек.

Айта кетейік, операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда елімізде онкологиялық аурушаңдықтар бойынша диагностикалау, емдеу, сондай-ақ, дәрілік заттар беру тегін медициналық кепілденген көмек көлемі тарапында қарастырылады. Осылайша, мемлекет әлеуметтік маңызды аурушаңдықты емдеу жауапкершілігін өзіне алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.