Алматыны көгалдандыруға 170,5 млрд теңге жұмсалады
Қала әкімі Ерболат Досаев мәслихат сессиясында осылай мәлім етті.
Келесі жылы Алматыны көріктендіру мен көгалдандыруға арналған шығын 121,6 млрд теңгеден 170,5 млрд теңгеге дейін ұлғаяды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstantv сілтеме жасап.
Қалада 2030 жылға дейін 2,5 млн жасыл желек отырғызу көзделген. Ол үшін жыл сайын 320 мың ағаш пен бұта отырғызылу керек.
«Мемлекет басшысының «Алматы – бақ қала» мәртебесін қайта жаңғырту тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2023-2024 жылдары 500 км автосуару және тамшылатып суару желісі орнатылды. 2025 жылы тағы 290 км желі тарту үшін 4,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл жүйе 1 млн-нан астам ағашты автоматты суару жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді», – деді Ерболат Досаев.