Жаңалықтар

"Алтынға апарар жол": бүгін Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады

Оның жартылай финалдағы қарсыласы қытайлық - Ву Ю.

Бүгін, 6 -нан 7-іне қараған түні  Астана уақытымен түнгі 1-де әйелдер боксынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жерлесіміздің жартылай финалдық жекпе-жектегі қарсыласы, "аспан асты" елінің спортшысы  - Ву Ю. 

Ву Ю 2022 жылы Азия чемпионы атанса, 
2023 жылы әлем чемпионы атанған. 

Ал Назым Қызайбай 7 дүркін Қазақстан, 2 дүркін әлем чемпионы. 

30 жастағы боксшымыз журналистерге берген сұхбатында Париж олимпиадасында алтын жүлдеге ие болу үшін қолынан келгеннің бәрін істейтінін айтқан болатын. 

Еске салайық, Париж Олимпиадасына аттанған  әйелдер арасында Назым ғана жартылай финалға жетсе, ал ерлер арасында Нұрбек Оралбай ғана финалға жолдама алды.