Жаңалықтар

«Қалың малым - 5 миллион теңге»: Абиба Әбужақынова болашақ күйеуіне қандай талап қоятынын айтты

Дздошы келесі олимпиадаға дейін тұрмыс құруы мүмкін

Парижде өткен Олимпиада ойындарында 48 келі дейін салмақ дәрежесінде күресіп, 5 орынға табан тіреген Абиба Әбужақынова жеке өміріне қатысты жоспарын айтты, деп хабарлайды, Jambylinfo.kz.

Спортшының айтуынша, оған келесі Олимпиадаға дейін тұрмыс құруға ештеңе кедергі емес. 

"Иә, олимпиадада жеңіліп қалған соң Лос-Анджелес олимпиадасына дейін тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айтқанмын. Бұл туралы әлі ойланып көремін, - деді Әбиба Әбужақынова.

Сондай-ақ, дзюдошы қыз сұхбаттарының бірінде қалың малы 5 миллион теңге екенін жасырмай айтқан. Алайда ол әруақытта жігіттің әлеуметтік жағдайына қарайтынын да тілге тиек еткен.