Ғалымдар калория жағудың жаңа әдісін тапты

Белгілі болғандай, ыстық ванна тек шаршауды басып қоймай, калория жағудың да тиімді жолы екен
Британдық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, 40 градус температурадағы суда бір сағат уақыт өткізу шамамен 150 калорияны жоюға көмектеседі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл 30 минуттық серуенге, 20 минуттық жүзуге немесе 15 минуттық жүгіруге тең.
Сонымен қатар, 15 минуттық ыстық душ 320 калорияға дейін жағуға ықпал етеді, ал суық душ ағзадағы қоңыр майды белсендіреді. Бұл май денені жылыту үшін көп энергия жұмсауға көмектеседі.