Ғалымдар картоптың денсаулыққа пайдасын дәлелдеді
Ғалымдар картоптың денсаулыққа пайдасын дәлелдеді
Америка ғалымдары суға қайнатылған немесе пісірілген картопты жеу қан қысымын төмендетіп, гипертонияның алдын алуға көмектесетінін анықтады. Зерттеу нәтижелері Nutrients журналында жарияланған. Батыс елдері тұрғындарының рационындағы калийдің негізгі көзі – картоп. Зерттеушілері калий қоспасының қан қысымына және жүрек-қан тамырлары ауруларының басқа қауіпті факторларына әсерін зерттеді. Клиникалық сынақтарға гипертония немесе гипертензия диагнозы қойылған 30 ер адам мен әйел қатысты. Нәтиже пісірілген немесе қайнатылған картопты жейтін адамдарда қан қысымының төмендеуі байқалған.