Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Жамбыл облысында кеңінен қолдау табуда

The final spritzer

Тазалық шарасына 100-ден астам адам қатысты

Қазақстанның әр аймағында экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы үлкен қолдауға ие болуда. Бұл бастама Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүзеге асырылуда. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іс-шараға облыстық және Байзақ аудандық филиалының қызметкерлері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысып, Қызыл Жұлдыз және Қостөбе ауылдарының аралығындағы күре жолдың бойын күл-қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Қатысушылар аудандық маңызы бар авто жолдың бойын тазалаумен қатар, тұрғындарды айналаны таза ұстауға шақырды.

Өткен жылғы шаралардың нәтижелері

Айта кетейік, партияның бастамасы өткен жылдан бері жалғасын тауып келеді. 2024 жылы облыс көлемінде 10 мыңнан астам адамның қатысуымен өзендер мен каналдар, мәдени мұра ескерткіштерінің маңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, 13 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Ал биыл 500-ден астам адам осы шараға қатысып, 15 тонна қоқыс тазалауға ықпал етті.

Алдағы жоспарлар

Өңірде «Таза бейсенбі» акциясы әр апта сайын ұйымдастырыла бермек. Бұл акция тек қоқыс жинаумен шектелмей, жаңа экологиялық ойлау мен халықтың экологиялық мәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыруға, сондай-ақ жаңа экологиялық әдеттердің пайда болуына жол ашады.